)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» 📝Абай Құнанбаев.
01
март
2021

«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» 📝Абай Құнанбаев.

📚📒📚📒📚📒📚📒📚📒📚
 «Артық ғылым кітапта,  ерінбе оқып көруге» 
 📝Абай Құнанбаев.

⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌
 Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырған. Ол үшін мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында Білім және Ғылым министрлігі «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ » жобасын бекіткен болатын. 
📚Жобаның басты мақсаты: Мектеп оқушыларының кітап оқуға деген құштарлығын арттыру. Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру  және патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды рухани адамгершілік қырынан дамыту. Танымы жоғары, білімі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениетті қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуіне,  Қазақстандағы білімді жаңғыртудағы басым бағыттарының бірі болуына «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасының  үлесі маңызды болмақ.  
📌✅Тапсырмаға сәйкес Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 мектеп-лицейінің  кіреберіс фойесінде «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» бұрышы ашылып, өз оқырмандарына қызмет етуде.
❇️Бұл «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» бұрышында оқушымен қатар ата-аналарда пайдалы ақпарат алып, білімін толықтырып, уақытын тиімді өткізе алады. 
🔸🔹🔸Құрметті оқушылар және ата-аналар!Сіздерді «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасын қолдауға және тұрақты да белсенді оқырманы болуға шақырамыз.🤗📚🤗📝

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: