)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

Тарихымыз

Мектеп –білім айдынындағы үлкен кеме

   Білім беру жүйесі  - бүгінгі   өмірдің  үздіксіз даму сатысының бірі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында  «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің  қанымызда бар қасиет»,- деп атап көрсеткен. Бүгінде табысты болудың ең басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі қажет. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білім берудегі  негізгі мақсат–жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. «Жақсы мұғалім –мектептің жүрегі»,-деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, кез- келген білім ошағының  озық болуы үшін оның ұстаздар ұжымы білімді әрі шебер болуы шарт. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде табысты еңбек етіп отырған   білім ордасының бірі - Алматы қаласы  Медеу ауданындағы №163 мектеп-лицейі. 1994 жылы  Алматы қаласы әкімінің қаулысымен №163 қазақ орта мектебі, 2011 жылғы 19 тамыздағы №3/551 қаулысы негізінде «№163 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болды. Қазіргі таңда №163 мектеп-лицейі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары   негізінде заманауи  үлгідегі  білім моделін қалыптастыруда. Мектептегі 500 оқушыға 45 мұғалім білім береді. Мектеп-лицейдің білім берудегі негізгі мақсаты – инновациялық озық тәжірибелерді үйрене отырып, заманауи білім беруде әлеуеті жоғары зияткер тұлға қалыптастыру.  Педагог мамандарымыздың сапалық құрамы: жоғары білімді мамандар- 43, арнайы орта білімді мамандар-2. Педагог- зерттеуші-11, педагог–сарапшы-1; жоғары деңгейдегі жоғары санатты -9, жоғары деңгейдегі бірінші санатты-8, жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалім-6. Ғылыми–әдістемелік жұмыстармен айналысатын ұстаздар да аз емес.  Оқу-әдістемелік бағдарлама авторы-10, электронды оқулықтың авторы-1 мұғалім.

Шығармашыл ұстаздарымыз әр түрлі қалалық, республикалық білім байқауларына қатысып, жүлделі орындардыиеленді. Мектеп мерейінасқақтату жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар еңбегі әрқашан да елеулі. «Ы.Алтынсарин» медалі-2, «Құрмет белгісі»-1, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»-10, «Үздік маман» төсбелгісінің иегері–7 мұғалім. 

  «Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» демекші, мұғалімдер пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстары, спорттық жарыстар мен ән-би байқауларына   оқушыларын қатыстырып, қалалық, республикалық, халықаралық  деңгейдегі тұрақты түрде  жүлделі орындарды иеленіп, табысты еңбек етуде.  

 Елбасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы негізінде Медеу ауданы әкімі   бастамасымен аудан бойынша білім саласында қажырлы еңбек етіп, бала тәрбиелеу мен оқытуда табысты жұмыс атқарған ұстаздар туралы «Медеу ауданының 100 үздік мұғалімі» кітабы жарық көрді. Аталмыш жинаққа №163 мектеп-лицей ұстаздары да еніп, көпке танылып және жұмыстарына жаңа серпін алды. Мектепте оқыту үдерісіне  «НЗМ» мектептері тәжірибесі негізіндегі жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде ішкі және сыртқы қоғамдастық, коучингтер мен семинарлар, шебер сабақтар арқылы озық тәжірибемен бөлісу дәстүрге айналған. Қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу, креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту мен нәтижеге бағытталған құзыреттілік - бәсекеге қабілеттілігімізді  арттырары   сөзсіз.  

 Рухани жаңғыру аясында жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу  мақсатында  өнегелі өмірі үлгі болған аға ұрпақ өкілдерімен танымы мен тағылымы терең кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер жайлы «Алматы ақшамы» газетінде «Тамырын жайып тереңге, ойлаған ұрпақ ертеңін», «Көз көрген, ұрпаққа ұлағаттың дәнін еккен», «Тәуелсіздік тұғыры- бізге аманат», «Тәуелсіздіктің тағдыры-жас ұрпақтың қолында», «Ардагерлер даңқы-мәңгілік», «Елімнің болашағы- менің болашағым» тақырыбындағы  мақалаларымыз   жарық көрді.

  Ұлт болашағы - ұстаздардың қолында. Елімізде жыл сайын мұғалімдердің біліктілік шеберлігін, кәсіби мәдениеттілігін, бедел- мәртебесін, тұрмыс сапасын арттыруда барлық мүмкіндіктер жасалуда. Талантты шәкіртті тек талантты ұстаздар ғана тәрбиелеп шығара алатындығы белгілі. Бүгінгі бәсекеге  қабілеттілік аясында аянбай еңбек етіп жүрген №163 мектеп-лицей ұжымы оқыту мен оқу үдерісінде жаңа биіктерден көріне беретіндігіне сенімім мол. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: