)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы
02
апрель
2020

«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

Алматы қаласы, Медеу ауданы, №163 мектеп-лицейінің 1-11- сынып жетекшілері «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.  
Жиналыста қаралған басты мәселелер:
1.Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі тәсілдері.
2.Республикалық теледидардағы телесабақтардың трансляциясы туралы ақпарат беру: қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар – «balapan» телеарнасында («Қазақ радиосында» аудиосабақтар), орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар – «ELARNA» телеарнасында («Радио Классик-та» аудиосабақтар) аптасына бес күн әр сабақ 10 минуттан беріледі. 
3.Кері байланысты жүзеге асыру және оқушылардың білімін бағалау жүйесі.
4.Сабақ кестесімен, сабақты өткізу уақытымен таныстыру және әр пән мұғалімінің жұмысы. 
5.Коронавирус инфекциясының алдын-алу. Негізгі сақтық шаралары.
6.Қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналардың негізгі міндеттері және қашықтықтан оқытудың жүзеге асыру форматтары мен проблемалары талқыланды.
Онлайн платформадағы ата-аналар жиналысы Whatsapp, ZOOM, Skype желісі арқылы өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: