)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала тәрбиесінің негізі - отбасы
24
апрель
2020

Бала тәрбиесінің негізі - отбасы

2020 жылдың  сәуір айында  1-11- сынып оқушыларының ата-аналарына  қашықтықтан психологиялық қолдау көрсетіп, кеңес беру мақсатында «Бала тәрбиесінің негізі - отбасы» тақырыбында семинар өткізілді.  Бала тәрбиесінің негізі – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.  Ең сезімтал жан, өсіп келе жатқан бала екені анық.  Кіршіксіз көңілмен нәрсені қалай көрсе, солай қабылдайды. Бала  психологиясының дамуына  тек мінез-құлық әсер етпейді, тәрбие мен оқыту поцесінің  де септігі тиеді.  Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбие жоқ. Адамгершілік,  бауырмалдылық, татулық сияқты қасиеттер жанұядан балаға сөзбен, іс-қимылмен дамиды. Баланы жиі сынау ол кінәлауды үйренеді. Баланы жиі мақтаса ол бағалауды үйренеді. Балаға көп ұрсатын болсаңыз, бала жасқаншақ өзіне сенімсіз, өскенде өтірік сөйлейтін болады.  Балаға қажетті үш нәрсе:
•    Сүйіспеншілік•    Мейірім•    Қамқорлық  Бала ата-ананың махаббатын сезіну керек. Ата-ананың махаббаты баланың жанына нұр құяды, көңіліне шуақ себеді. Балаларыңызға қуаныш сыйлауға тырысыңыздар. Себебі қуаныш балаға бақыт сыйлайды.Қуанышты сәттер  көп болса, балаңыздың балалық шағы бақытты өтеді.  Қуанышты  сәттеріңіз көп болсын! №163 мектеп-лицей психологы Айнур Тоқтарбекқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: