)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат
20
октябрь
2020

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат

••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••
 Ыбырай Алтынсарин

  Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздарымыздың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өркендеуіне үлес қосатын білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні  темір  балқытқан  жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып  терін  төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім мен тәлім-тәрбие алған, сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адамзат баласы  құрметпен  бас  иеді. Ұстаздар мерекесі қарсаңында №163 мектеп-лицейдің ұстаздары біршама марапаттарға ие болды. Көптеген ғылыми жобалардың жеңімпаздарын шығарған  математика пәнінің мұғалімі Атенова Айымгүл Оразқызы ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының атынан білім беру ісіне қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Тарих пәнінің мұғалімі Тумабаева Гүлмира Салимқызы аудандық  кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұратова Балжан Асқарқызы Медеу ауданы әкімі Масабаев Асет Дүйсебекұлының алғыс хатымен марапатталды.  Ұстаздарымызды ұжым атынан 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 сентябрь 2020 Тарихымыз
01 сентябрь 2020 Білім күні
03 апрель 2020 Сынама сабақтар
10 октябрь 2019 Ағаш отырғызу