)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің кіші Отаным» қалалық байқау
09
ноябрь
2020

«Менің кіші Отаным» қалалық байқау

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» демекші, адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім. Болашақтарынан үлкен үміт күттіретін еліміздің, ауданымыздың атын шығарып жүрген білімді де талантты  шәкірттеріміз жетерлік. Сондай талантты оқушыларымыздың бірі Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 мектеп-лицейдің 9 «А» сынып оқушысы Башикова Нұрғаным Талғатқызы «Менің кіші Отаным» қалалық байқауында «Менің туған жерім» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты. Жетекшісі мектебіміздің білікті ұстазы, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келіп жатқан Оханова Алмагүл Мұхатайқызы. 
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей Нұрғаным әлі де талай биіктерді бағындырады деп сенеміз. 
Жетістіктеріңізбен, жеңістеріңізбен құттықтаймыз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 сентябрь 2020 Тарихымыз
01 сентябрь 2020 Білім күні