)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарым - асыл қазынам
14
октябрь
2020

Қарттарым - асыл қазынам

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...
Неменеге жетiстiң, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр, - деген екен.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар", - дейді дана халқымыз, қариялар - елдің қазынасы. Қария - даналық көзі. Сөзі мірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең қариялар қашан да ел мен елдің тыныштығын, ел ішіндегі татулықты сақтай білген. Қарты бар елдің берекесі, бірлігі бар. Себебі елдің ниеті, сөзі, ойы бір болу үшін, елді бастай білетін, елі қостай білетін қариялар дәйім керек. Ақылы дария қариялардың көкірегі толы өсиет болмақ. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмас. Өскелең ұрпақты ізгілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында №163 мектеп-лицейінде қазан айының басында қарттар мерекесіне орай «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында  сынып сағаты, эссе, шығарма, сурет байқаулары онлайн форматта өткізілді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 сентябрь 2020 Тарихымыз
06 ноябрь 2019 Адал ұрпақ