)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌷Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз алғыс айту күні! 🌷Мектебіміздің 11-сынып оқушылары өз ұстаздарына алғыстарын білдірді! 🌷1 наурызды елімізде Алғыс
01
март
2022

🌷Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз алғыс айту күні! 🌷Мектебіміздің 11-сынып оқушылары өз ұстаздарына алғыстарын білдірді! 🌷1 наурызды елімізде Алғыс

🌷Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз алғыс айту күні!
🌷Мектебіміздің 11-сынып оқушылары өз ұстаздарына алғыстарын білдірді!

🌷1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір - біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: