)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📝Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде
18
октябрь
2021

📝Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде

📝Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

 📌Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық — денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебуде де, гимнастикамен айналысуда т.б. спортпен айналысу жатады. Ондағы негізгі идея оқушыларды салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек. Осыған байланысты мектебімізде жыл сайын өтетін “Денсаулық күні” апталығында 5-7 сыныптар аралығында футболдан жарыс өтті. Біраз уақыттық демалыстан келген оқушыларға жарыс өте қызықты өтті👏🥇

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: