)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №163 мектеп-лицейінің 1985-1995 жылдар аралығындағы директоры, қадірменді қария Сұлтанғалиев Қадырғали Аманғалиұлымен кездесу кеші өтті.
12
май
2021

№163 мектеп-лицейінің 1985-1995 жылдар аралығындағы директоры, қадірменді қария Сұлтанғалиев Қадырғали Аманғалиұлымен кездесу кеші өтті.

📌Медеу аудандық білім бөлімінің бастамасымен «№163 мектеп-лицейінде»  күні кеше Ұлы Отан соғысының ардегері, ардақты ұстаз, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» Құрмет белгісінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасының иегері, №163 мектеп-лицейінің 1985-1995 жылдар аралығындағы директоры, қадірменді қария Сұлтанғалиев Қадырғали Аманғалиұлымен кездесу кеші өтті. 

📝Сұлтанғалиев Қадырғали Аманғалиұлы - табиғат сыйлаған тума қасиетінің арқасында тоқсанның тұғырына  шығып, сергек қалпында, соңынан саналы да тәрбиелі  ұрпақтар ертіп, ағайын-туысқа, жора-жолдастарға, жүрген ортасына сыйлы да қадірменді қария ретінде кенеліп отыр.
 🖌Қадырғали Аманғалиұлы  1928  жылы желтоқсан айында, жайсаң Жайықтың жағасында, Орал облысы Фурманов (Казталов) ауданы Талды-Құдық ауылында дүниеге келген. Жергілікті  жеті жылдық мектебін  үздік бітірісімен, 14 жасынан ауылдың шаруашылығына белсене араласып еңбек еткен. 
1945-1947 жылдары ауылдық Кеңестің хатшысы, бөлімшенің зоотехнигі, техникумның – дене-шынықтыру мұғалімі қызметтерін атқарған.
 1952-1956 жылдары Алматы қаласының Абай атындағы мұғалімдер институтын ойдағыдай тәмамдаған.
1957-1994 жылдары, 37 жыл өмірін ұстаздыққа арнап, мұғалім, мектеп директоры, ауданның білім беру басқармасы  басшысы дәрежесінде ұлағатты ұстаз ретінде зор қызметке бөленген.
 Ұзақ жылдар атқарған еңбегі еленіп «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» Құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және басқа да медальдарымен марапатталған.

📚Тіліміз бен мәдениетімізді көтеру жолында, қазақ мектептерінің санын арттыру үшін  аянбай еңбек еткен, ұлағатты ұстаз, ардагер,  93 жасқа келсе де спорт пен жұмысты қатар алып жүрген, мектебіміздің өркендеп өсуі үшін талмай тер төккен Қадырғали Аманғалиұлының өнегелі әңгімесімен тағылымға толы сыр шертпесі ұстаздарымыз бен  өскелең ұрпақ  үшін баға жетпес құнды біліммен толықты деген ойдамыз. 

🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌⚜️🖌

Алтын уақытын қиып оқушылармен өткізген  сүбелі сыр-сұхбаты үшін, танымды да тәрбиеге толы кездесу үшін ҚАДЫРҒАЛИ АМАНҒАЛИҰЛЫНА және де Медеу аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы ЗАКИРОВ САҒИТ КАБДУЛХАИРҰЛЫНА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: