)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №163 мектеп-лицейінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті
22
февраль
2024

№163 мектеп-лицейінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында 2024 жыл 22 ақпан күні Алматы қаласы, Медеу ауданы, №163 мектеп-лицейінде  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика кафедрасының Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры, Заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы, кафедра меңгерушісі, Педагогика ғылымының кандидаты, профессор Колумбаева Шолпан Жаксыбаевна, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Саудабаева Гульмира Сауытжановнаның  жетекшілігімен «Заманауи мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтарын дамыту тенденциялары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 «Жалпы ұлт мәдениеті- халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты», -деп Қазақстан Республикасының Президенті   Қасымжомарт Кемелұлы  айтқандай халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Қазақ халқының ажырамас бөлігі болған құндылығы- қонақжайлық көрсете отырып, қонақтарды қарсы алдық. Конференция ұлттық рухты оятар күмбірлеген күймен басталды.

Конференция үш бөлімнен және төрт секциядан тұрды.

  • Пленарлық бөлім;
  • Тәрбие жұмыстарына байланысты квест ойыны, дөңгелек үстел, шебер сабақтар;
  • Қорытындылау бөлімі.

Секция бағыттары:

  • Ұлттық құндылықтарды дамытудың өзектілігі
  • Оқушы тұлғасын дамытудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті
  • Оқу-тәрбие үрдісінде білім берудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану
  • Білім берудегі өзекті мәселелер

 Осы аталған бағыттар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияда  10 мұғалім шебер сабақ көрсетсе, мәжіліс залында «Ұлттық құндылықтар-ел қазынасы» тақырыбында квест ойыны, мектеп кітапханасында  «Үйдегі көне суреттер тарихы» тәрбие жобасы ата-ана - мектеп-оқушы үштігі арасында өткізілді. Конференцияның бағдарламасы бойынша жүргізілген  іс-шаралар ұлттық құндылықтарға байланысты өткізілді.  Іс-шаралардың идеясы - құндылықтарды насихаттау, бала бойына сіңіру,ұлттық, мәдени құндылықтарды жаңғырту. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: