)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📌Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 мектеп-лицейінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында 1-11-сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізі
24
сентябрь
2021

📌Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 мектеп-лицейінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында 1-11-сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізі

📌Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 мектеп-лицейінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында 1-11-сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. 

📚Сынып сағатының мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету,жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

🖌📝Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет және ірі қоғам қайраткері – Ахмет  Байтұрсынов болатын. 

🔖Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы ) —Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: