13
март
2025
" Жасанды интеллект" білім берудегі заманауи тенденцияның ерекшеліктері" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
31 қаңтар күні №163 мектеп-лицейінде "" Жасанды интеллект" білім берудегі заманауи тенденцияның ерекшеліктері" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Мектеп-лицей директоры И.С.Абдикашеваның алғысөзінен басталған конференция Өзбекстан, Украина елдерінен онлайн байланысқа шыққан әріптестеріміздің тақырыпқа сай өз тәжірибесін бөлісуімен жалғасын тапты. Конференция барысында Жасанды интеллект, Функционалдық сауаттылық, Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жасалған жұмыстармен қоса "Біртұтас тәрбие" бағдарламалары да қамтылды. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Саудабаева конференция соңында ұстаздардың еңбектері енгізілген кітаптың тұсау кесерін жасап, қатысушыларға кітап пен сертификаттарды табыстады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өткізілді.