Алматы қаласы Білім басқармасының
«№163 мектеп-лицей"»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына!
14
апрель
2026

Ата-аналар назарына!


Ата-аналар назарына!

Алматы қ. Білім басқармасының «№163 мектеп-лицей» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:

* Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
* Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
* Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
* Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, демалысханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
* Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.

Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11- сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.
@oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty @medeuaudany 
#сыбайласжемқорлыққажолжоқ

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: