"Есіңе мені алғайсың"
5–8 сынып оқушылары арасында 8 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Аталмыш сайыстың мақсаты – оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа Мұқағали мұрасын насихаттау. Сайыс барысында қатысушылар ақынның жүрек тербетер жырларын нақышына келтіре оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар алқасы оқушылардың дауыс мәнері, сахна