29
январь
2026
Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


29.01.2026 ж. күні №163 мектеп-лицейде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетімен бірлесіп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында«ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2026 жылғы Жолдауы және «Заң мен тәртіп» айлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Конференцияға
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Саудабаева Гульмира Сауытжановна,
Медеу аудандық тәрбие бөлімінің әдіскері Сарсебаева Назым Дауталиевна,
ІІМ қауіпсіздік қызметкері Курмангалиев Санжар Санатович,
Алматы қаласы М.Есболатов атындағы ІІМ академиясының аға оқытушылары
Садуақасова Дина Нигматуллаевна, Үмбетова Айнұр Әділбергенқызы, Кайратова Арайлым Кайратовна,
сондай-ақ мектебіміздің түлектері — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенті Бәзіл Мейрамбек және Сеул Ұлттық университетінің студенті Башикова Нұрғаным қатысып, өз ойларымен бөлісті.
📚 Іс-шара барысында келесі өзекті тақырыптар қамтылды:
1️⃣ Оқушыларға құқықтық тәрбие берудегі сынып жетекшінің рөлі;
2️⃣ Құқықтық, адамгершілік, мәдени, экономикалық және әлеуметтік білімді зерттеу мен қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту;
3️⃣ Заманауи мектептің оқу-тәрбие процесіне жасанды интеллект (ЖИ) енгізу және дамыту.
Конференция соныңда қатысушылар тарапынан өзекті ойлар айтылып, жоғары деңгейде бағаланды.
#адалазамат #заңментәртіп #құқықтықтәрбие #ғылымиконференция
