)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2023

Хаттама №3

hattama.docx [16,47 Kb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: hattama.docx

Хаттама 3

«№163 мектеп-лицей»  КММ

     11 – сынып ата-аналар жиналысы

Күні: 09.01.2023

Уақыты: 18.00

Қатысқаны: 24                                                                                     .

Күн тәртібінде:


  1. 2023 жылғы Ұлттық  бірыңғай тестілеудің ерекшелітері туралы
  2.  Ағымдағы мәселелер


Тыңдалды:


1.  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша   сынып жетекшісі    ата-аналарды   2023 жылғы Ұлттық  бірыңғай тестілеудің ерекшелітері туралы таныстырып өтті. ҰБТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі. Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін  және уақытын   өз бетінше таңдай алады.Бір  дұрыс  жауабы   бар  тест  тапсырмалары қолданылады.Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады. Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі.Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі. Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі. Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан  тарихы» пәнінің бір нұсқасында  20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған  тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап  нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны  8-ден 6-ға дейін азайтылды.ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді.

       Сонымен қатар ҰБТ-ға өтініш беру күндері, тапсыратын күндер туралы ақпарат берілді.  

       Оқу ісі жөніндегі орынбасары  Қумарбекова Г.Қ.  ата-аналарға   сынама тест қорытындыларымен таныстырды. Ата-аналар  тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 


  1. Күн тәртібіндегі екінші   мәселе бойынша   оқушылардың  2- тоқсандағы білім сапасы қаралып, мектеп ережесін сақтауы,   сабақтарға жүйелі қатысуы, ҰБТ-ға дайындық барысы айтылды.


Қаулы:


  1. Оқу  үрдісіндегі   баланың  оқуы мен  тәрбиесіне   қатысты ата-ана, мектеп, оқушы   арасында  тығыз  байланыс   орнатылсын.



                                                                   Хатшы:    Сыздыкова Бақыт




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: