)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационы
13
сентябрь
2022

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационы

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационы
     Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп, организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану — зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14—17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс. Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8—10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Осы мәселе бойынша, балалар мен жасөспірімдер арасында мектебіміздің медбикесі Чоганбаева Т және әлеуметтік педагог Өмірзақ А.Е. семинар өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: