)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ер есімі ел есінде №163 мектеп-лицейінде 5 мамыр күні ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры,
10
май
2023

Ер есімі ел есінде №163 мектеп-лицейінде 5 мамыр күні ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры,

    №163 мектеп-лицейінде  5 мамыр күні  ержүрек   қолбасшы,  жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның  Халық  Қаһарманы Бауыржан Момышұлының  рухына арналған  «Алаштың айбыны- Бауыржан»  атты     қойылым  ұстаздар   мен  оқушылардың  назарына ұсынылып, мазмұнды әрі тартымды өтті.
           Батыр   бабамыздың  «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас»  кітаптарынан алынған  көріністердегі   кейіпкерлерді  оқушылар   шеберлікпен сомдап шықты. Даңқты қолбасшы  Бауыржан   Момышұлының   өмір  жолы   көрермендердің  көз   алдынан   өтті.
          Қойылым соңында Бауыржан атамыздың жас ұрпақтың бойында  отансүйгіштікті  тәрбиелеуде  маңызы   зор  нақыл сөздерін  7-8 сынып оқушылары  нақышына келтіре баяндап, ризашылыққа бөленді. Жалынды сөздері   Алаш    жұртына     ұран  болып  естілді.  10 сынып     оқушысы    Қайрат   Асқар    «Батырға арнау» атты   өз   туындысын   тарту   етті. 
Мектеп-лицей директоры  Абдикашева И.С.  сөз  сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды  алда      келе  жатқан  қос мерекемен құттықтап, ізгі  тілегін жеткізді. 
Тарихи   іс-шараны  5  сынып   оқушылары    «БАТЫР БАУЫРЖАН»  атты   хормен    аяқтап,  мерекелік   көңіл-күй  сыйлады. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: