)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️ 📌9-ақпан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа арнап мектебіміздің 2-5-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті! 📌Мұқағ
12
февраль
2022

✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️ 📌9-ақпан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа арнап мектебіміздің 2-5-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті! 📌Мұқағ

✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️✏️

📌9-ақпан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа арнап мектебіміздің 2-5-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті!

📌Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: