)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік
14
февраль
2020

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №01-15-5-12/238 хатына сәйкес 2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында №163 мектеп-лицейінде «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік аясында мектебімізде  «Өзін – өзі тану» онкүндігінің ашылуы  болып өтті. Онкүндіктің мақсаты: қайырымдылық, рухани құдірет, риясыз қызмет етуге талпыну тәрізді адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Онкүндік аясында ұйымдастырылған іс-шаралар:

1. «Өзін- өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты  онкүндіктің ашылуы. 

2. «С. А. Назарбаеваның еңбектері»  тақырыбында кітап көрмесі. 

3. «Руханилықтың мөлдір бұлағы»  суреттер көрмесі. 

4. «Адамзаттың басты құндылығы»  эссе. 

5.«Мейірім толы жүрек» шебер сабақ. 

6. «Балаға жүрек жылуы»   шебер сабақ. 

7. Флеш-моб: «Қайырымдылық- жер бетінде» 

8. «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты оқушылардың әлеуметтік жобалар презентациясы.    

9. «Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жабылуы және қорытындысы. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: