)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының қатысушысы болуға шақырамыз!!!
26
июль
2022

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының қатысушысы болуға шақырамыз!!!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді «Мектепке  жол» жалпы республикалық акциясының қатысушысы болуға шақырамыз!!!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Осыған орай, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасы  балаларын жаңа оқу жылына дайындау, балалардың мектепке баруына мүмкіншілік тудыру  мақсатында мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін  демеушілік көмек көрсетіп, қайырымдылық жасап, ықыласыңыз бен қамқорлығыңызды сыйлаңыз. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен ықыластарыңыздың арқасында, мұқтаж отбасының балаларына қол ұшымызды беруден аянбайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: