)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Директорлық сенбі- ата-ана үні»
15
февраль
2021

«Директорлық сенбі- ата-ана үні»

📚Қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқық бұзушылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу, сондай ақ « мектеп-бала-ата-ана» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша  барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында, Алматы қаласы Білім басқармасының әрбір білім беру ұйымдарының «Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн кездесулерін өткізу туралы шешіміне сәйкес  Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 мектеп-лицейі  9-11-сыныптың  ата-аналарына онлайн жиналыс өткізді. 

Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар:📒І жартыжылдық қорытындысы;📗ҰБТ өзгерістер;📕Қорытынды аттестаттау туралы;📘І жартыжылдықтағы олимпиада жетістіктері;📙Оқушылардың күнделікті  сабаққа қатысуы.
📌Ата-аналарға арналған онлайн -сұхбатқа  директор, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысып ата-аналар тарыпынан түскен сұрақтарға жауап берді. 
🖌 Сонымен қатар ата-аналар мұғалімдерге деген ыстық ықыластарын білдіріп, рахметтерін айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: