Алматы қаласы Білім басқармасының
«№163 жалпы білім беретін мектеп"»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар!
19
май
2025

Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде Алматы қалалық Білім басқармасының 2019 жылғы 24 қазандағы № 03-1-4/893 хатын басшылыққа ала отырып, «№163 мектеп-лицей» КММ-де 4, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) төмендегі жағдайларда ақшалай қаражат жинау үшін тыйым салынады:
1. Аниматорларды, студияларды, агенттіктерді ақылы негізде шақыру;
2. Сынып және мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
3. Әкімшілікке, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге сыйлықтар.
4. Қайырымдылық көмек үшін қаражатты мәжбүрлеп жинау.
5. Ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға және саябақтарға бару;
6. Сынып пен мектептің әртүрлі қажеттіліктеріне ақша жинау мақсатында ата-аналар комитеттеріне қор құру. 
Біздің міндетіміз: балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, академиялық адалдықты сақтау және қолайлы білім беру ортасын құру. 

Құрметпен, мектеп-лицей директоры
Индира Сатыбалдиевна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: