13
май
2025
“Заманауи қоғамдағы ананың рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел
Елімізде мамыр айының екінші жексенбісі Аналар күні болып белгіленуіне орай 11 мамыр Аналар күні мерекесі тойланды. Осы мерекенің аясында 13.05.25ж.күні Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірлесе отырып 163 мектеп-лицейде “Заманауи қоғамдағы ананың рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры Саудабаева Гүлмира Сауытжанқызы, “Алматы ақшамы”газетінің тілшісі Ескендір Рая және мектебіміздің аналары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
- Қазіргі қоғамдағы заманауи әйелдердің әлеуметтік, отбасылық және кәсіби өмірдегі рөлін айқындау;
- Қоғамдағы әйел тұлғасына деген құрмет пен жауапкершілікті арттыру.
Дөңгелек үстел үстіндегі тұщымды әңгіме барысында қазақ қоғамындағы ананың орны мен қазіргі заманауи аналардың рөлі туралы айтылды.
Қатысушылар “Әйел заты тек отбасының ұйытқысы ма, әлде одан кең рөл атқара ма?”деген тақырыпты ашатын сауал төңірегінде пікірлесті.
Үстел басына әр түрлі сатыдағы (қызметкер,үй шаруасындағы) әйел-аналарымыз жиналғандықтан әңгіме өте мағыналы әрі тартысты өтті.