)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2022

Судың адам денсаулығына пайдасы.

Судың адам денсаулығына пайдасы
       Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65­-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіздің салмағыңыз 90 келі, онда ­ 90*30=2700 мл су. Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш беріп, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз. Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн сайынғы ішетін су мөлшерін ұмытпаңыз. Бұл жоспарды асыра орындауға да болады. Бүйрек сау болса, судың кейбір артық мөлшерін де реттейді. Егер өте жұмысбасты болсаңыз, суды жұмыс үстеліне артығымен қойыңыз. Өйткені су іздеп әуре болмайсыз және маңызды құжаттар арасында судың тұрғаны сіздің денеңізге су керектігін еске салып тұрады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: