)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы № 163 мектеп- лицейінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық жұмыстарының есебі
24
май
2023

2022-2023 оқу жылындағы № 163 мектеп- лицейінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық жұмыстарының есебі




 







2022-2023   оқу    жылындағы

№ 163 мектеп- лицейінің

бастауыш   сынып  әдістемелік  бірлестігінің   

   айлық  жұмыстарының есебі








2022 - 2023 оқу жылындағы  бастауыш сынып 

әдістемелік бірлестігінің айлық  жұмыстарының   есебі  

09.01.2023-31.01.2023 жыл

   Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің  айлық   жұмысының тақырыбы «Жаңаша  оқыту-жетістік  көзі». 

 Мақсаты: «Жаңа технологияларды сабақ үрдісіне енгізе отырып, оқушылардың танымдық  қабілеттерін дамыту»

Міндеттері:

    Жаңа  технологиялардың элементтерін қолдана отырып, оқытудың тиімділігін   арттыру.

    Барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту.

    Оқушының  ой  жүйесін   жетілдіру, бағдар  бере отырып, ойын жетелеу,шығармашылықпен   ізденуге  мүмкіндік  беру.

    Бастауыш  сынып  бірлестігінің   отырысы   өтті. Бастауыш сынып мұғалімдерімен  айлықтың жұмыс  жоспары   мен  мақсатын  құрып, өтілетін  іс-шаралармен таныстырдық.  Бастауыш әдістеме бірлестігінде 10  мұғалім   бар. Барлығы айлықтың   жұмысына   жұмыла, біріге   білек  сыбана  кірісті.    Айлықтың ашылу  салтанатына  орай, мұғалімдеріміз  біркелкі   киім  үлгісін  тіктіріп, безендіру  жұмыстарын   жүргізді. Қаңтар  айының  оны   күні  бастауыш  сыныптар   айлығының  ашылу  салтанатын   жаңа  форматта  өткіздік.

   

      Бірінші   сынып  оқушылары  нейро   жаттығулары  арқылы  әрбір   мектепке  кірген  қонақтарды ыстық  көңіл-күймен қарсы  алды. Мерекелік  іс-шараны бастауыш  сыныптағы   жас  мамандар  Сартай   А.Н. мен  Тыныс  Б.М.   жүргізді. 

  

   Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік   Гимнін  орындап, сөз  кезегін мектебіміздің  директоры   И.С.Абдикашеваға   берілді. Мұғалімдер  мен  оқушыларға   сәттілік  тілеп, айлықтың  жақсы   өтуіне  жылы  лебізін   білдірді.

  

Концерттік  іс-шараны   ары  қарай  бірінші   сынып  оқушылары  өз   өнерлерін  көрсету  арқылы   кешті  қыздыра  түсті.   

   

   Ән   айтылды, би  де  биленді.Айлықтың  ашылуы   осылай  жоғарғы  деңгейде   өтті. Кеш  соңында  балалармен   естелікке  суретке  түстік.

  

Айлықтың  жұмыс   жоспары  төмендегідей:


Мұғалімнің 

аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Сабақ тақырыбы

Өткізу уақыты



10.01.2023



Айлықтың жұмыс жоспарымен таныстыру



Жигитова  О.Н.

Жас  мамандар

коучинг

«Бағалау  нәтижесін  жетілдіру» жас  мамандармен     жұмыс

13.01.2023

12.45


Кадылова  Б.Д.

1 «а»

ана  тілі

«Дауысты     және  дауыссыз  дыбыстар»

16.01.2023,1-ауысым

2-сабақ,.08.50


Алимбаева  П.Б.

4 «б»

әдебиеттік  оқу

«Көлеңкелер     еліндегі  оқиға»

16.01.2023,1-ауысым

3-сабақ,.09.50


Қаппар  Ұ.С.

даярлық тобы

сауат  ашу

«Ойнай     отырып  оқимыз»

17.01.2023,1-ауысым

3-сабақ,.10.05


Нуралдаева  Т.Д.

1 «ә»

ана  тілі

«Дауысты     және  дауыссыз  дыбыстар»

18.01.2023,1-ауысым

1-сабақ,.08.00


Жауапты     мұғалімдер:

Жигитова  О.М.

Алимбаева  П.Б.

2-4 сын

байқау

«Ақынды     ақын  оятпаса, болмайды»

18.01.2023

12.30


Баймурзаева  А.А.

2 «ә»

қазақ  тілі

«Түбір  мен  қосымша»

19.01.2023,2-ауысым

2-сабақ,14.10


Сартай  А.Н.

1 «б»

жаратылыстану

«Адамдардың     ғарышты  зерттеуі»

20.01.2023,1-ауысым

3-сабақ,.09.50


Жауапты     мұғалімдер:

Батқалова  У.С.

Әленова  А.О.

1-4

сын

спорттық сайыс

«Толағай» отбасылық     сайыс

20.01.2023 

12.00


Бастауыш     сынып  мұғалімдері

1-4

сын

сурет байқауы

«Суреттер     сөйлейді»

23.01.2023


Жигитова  О.М.

4 «ә»

дүниетану

«Катаклизм     кезіндегі  менің  қауіпсіздігім»

24.01.2023,1-ауысым

2-сабақ,09.00


Батқалова  У.С.

3 «а»

әдебиеттік  оқу

«Күй  құдіреті»

24.01.2023,1-ауысым

2-сабақ,09.00


Әленова  А.О.

2 «а»

жаратылыстану

«Ғаламшарлар     қандай  болады?»

24.01.2023,1-ауысым

2-сабақ,09.00


Жауапты     мұғалімдер:

Кадылова  Б.Д.

Нуралдаева  Т.Д.

1-4

сын

ертегі  әлемі

«Ертегілер     еліне  саяхат»

25.01.2023 

12.30


Бастауыш     сынып  мұғалімдері

1-4

сын

таза дәптер

«Көркем  жазу» таза  дәптер  сайысы

26.01.2023


Тыныс  Б.М.

3 «ә»

жаратылыстану

«Жер     сфералары  дегеніміз  не?»

27.01.2023,2-ауысым

3-сабақ,15.10


Жауапты     мұғалімдер:

Сартай  А.Н.

Тыныс  Б.М.

2-4 сын

кітаптар  әлемі

«Оқуға     құштар  сынып»

30.01.2023

12.30



31.01.2023



Айлықтың жабылуы, марапаттау


       Жоғары   білімді, шығармашыл  және  шебер   ұстазымыз   О.Н. Жигитова  жас   мамандармен  «Бағалау  нәтижесін   жетілдіру» тақырыбында  13 қаңтар  күні  жоспар   бойынша коучинг  өткізді.

   

  Мектебіміздің   жас  мамандары  бұл   коучингте  белсенділік  танытып, қызыға  қатысты. О.Н.Жигитова  жас   мамандарға  арнайы  тапсырмалар   берді. Олар  оны  орандап, топтар  өзара   алмасу  арқылы  бағалау   үлгілерін  көрсетті. Нұсқаушы,  бағдар  беруші   жас  мамандардың  бағалау   барысында  кеткен  қателіктеріне   тоқталып, дұрыс  жолын  көрсете   білді. О.Н. Жигитова  топтық  жұмыстарды   қалай  бағалау  керетігі   жайлы  толық  нұсқау   берді.

 

 

   Бұл   коучингте  жас  мамандар  өздеріне   қажетті  мәліметтерді  алды   деп  ойлаймыз. Алып  ғана   қоймай, болашақта  өз  сабақтарында   тиімді  қолданады  деген   ойдамыз. Коучинг  соңында  О.Н.Жигитова   жас  мамандарға  ерекше   сый  арқылы  өзінің   ізгі  тілектерін  жолдады.    

     16  қаңтар  күні   Б.Д. Кадылова  1 «А» сыныбымен  ана  тілі   пәні  бойынша  «Дауысты   және  дауыссыз  дыбыстар» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті.

   

   

    Сабақ   жоғарғы  деңгейде  өтті. Балалар   сабақта  өздерінің  білімдерін   көрсете  білді. Дауысты  және   дауыссыз  дыбыстарды  ажырата   біледі, топта  жұмыс  жасай   алады. Сабақты  кезең  кезеңімен   өтті.

16  қаңтар   күні  П.Б.Алимбаева  4  «Б » сыныбымен  әдебиеттік  оқу   пәні  бойынша  «Көлеңкелер   еліндегі  саяхат» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті.

   

   

  Сабаққа   дайындығы  жақсы. Көрнекі  құралдары, топтық  жұмысқа   арналған

тапсырмалары  бар. Бірақ   сабақ  өткізу  барысында   үй  тапсырмасына  көп   уақыт  жұмсап  қойды. Сабақ   барысында  біраз  ескерулер   жасалды. П.Б.Алимбаева   ескертулерді  қабылдап, келесі  жолы  осындай   қателіктер  жібермеуін  айтты. Тәжірбиесі  бар   ұстаздардан  тәжірбие  алмасатынын   айта  өтті. 

17  қаңтар   күні  Ұ.С.Қаппар  мектепалды   даярлық  тобымен  сауат   ашу  пәні  бойынша   «Ойнай  отырып  оқимыз» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті.

   

         Балалар  ойнай  отырып,  оқи  алатындықтарын  көрсете   білді. Сабақ  жоғарғы  деңгейде   өтті  десекте  болады. Балалар  сабаққа   өте  белсенді  қатысты. 42 әріпті  жатқа   біледі  және  буындап, толық  сөздерді   оқи  алатындықтарын көрдік. Мұғалім  сабаққа  өте   жақсы  дайындықпен  келген.

 18  қаңтар  күні   Нуралдаева  Т.Д.  1 «Ә»   сынып  оқушыларымен  сауат   ашу  пәні  бойынша   «Дауысты  және  дауыссыз   дыбыстар» тақырыбында  ашық  сабақ   өтті.

   

  

  

    Мұғалім   сабаққа  өте  жоғарғы   дайындықпен  келген. Оқушыларға  көптеген  қызықты   тапсырмалар, қызықты  ойындар  дайындаған. Балалар  дайындалған   тапсырмалар  мен  ойындарды   қызығушылықпен  орындады. Тіл  байлықтары, шапшаңдықтары  басым   болды. Мұғалімнің  құрған  жоспары   бойынша  жоғарғы  деңгейде   өтті. Сабаққа  қатысқан  жас   мамандар  осындай  ұстаздарымыздан  үлгі, тәжірбие  алды   деген  ойдамыз.

   18   қаңтар  күні  «Ақынды   ақын  оятпаса, болмайды» тақырыбында  байқау   өтті. Мұқағали  Мақатаевтің  өлеңдерін   жатқа  айту  сайысын   О.М.Жигитова  және  П.Б.Алимбаева   ұйымдастырды. Байқауға  2-4  сынып   оқушылары  қатысты. Мұқағалидің  өмірі  мен   шығармашылығына  арналған  кеш   ерекше  өтті. Балалар  ақынның   бірнеше  өлеңдерін  жаттаған.   

   «Отан», «Әке», «Аққулар  ұйықтағанда» т.б. өлеңдерін  балалар   нақышына  келтіре  мәнерлеп   оқып  шықты. Осы  кеште   балалар  ақынның  шығармашылығына  ерекше   көңіл  бөлетінін  байқауға   болады. 


 

Кеш  соңы   балаларды  марапаттаутаумен  аяқталды. 

19  қаңтар   күні  Баймурзаева  А.А.  2 «Ә»  сынып  оқушыларымен   қазақ  тілі  пәні   бойынша  «Түбір  мен   қосымша» тақырыбында  ашық  сабақ   өтті.

   

  А.А.Баймурзаеваның  сабаққа   дайындығы  жақсы. Мұғалім  өткен   тақырыптарды  еске  түсіріп, балалармен  топтық   жұмыс  жасау  арқылы   үй  тапсырмасына  шолу   жасады. Балалар  топтық  жұмыста   ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын   көрсете  білді. Мұғалім  балаларға   ерекеше тапсырмалар  дайындау  арқылы   сабақты  қызықтыра  түсті.

   

20  қаңтар   күні  Сартай  А.Н.  1 «Б»  сынып  оқушыларымен   жаратылыстану  пәні  бойынша   «Адамдардың  ғарышты  зерттеуі» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті.

   

   

Тақырып  өте   күрделі. Бірақ, мұғалім   балаларға  қызықты  тапсырмалар   дайындау  арқылы  түсіндіре   білді. А.Н.Сартай  жас  маман   болса  да, өзінің  білімділігі   мен  шығармашылығын  көрсете   білді. Топтық  жұмыстар  мен   сергіту  сәттерін  тиімді   қолдана  білді.

  20   қаңтар  күні  Әленова   А.О.  мен  Батқалова   У.С.  1-4  сынып   оқушыларымен  және  ата-аналарымен  «Толағай »   отбасылық  сайысын  өткізді. 

   


   

   

  Сайыста   әртүрлі  қызықты  ойындар ойнатылды. Ұлттық  ойындарды   да  нақыштай  білді. Ата-аналар  өз   балаларымен  бірге  бір   сайыста  бой  көрсете   білгендеріне  балаша  қуанды. Балалары  үшін   жеңімпаз  болуға  тырысты. Сайысқа қатысқан  балалардың   қуанышында  шек  болмады. Өздерінің  аналары   мен  әкелеріне  көмектесу   мақсатында  асық  ату, арқан   тарту, көкөніс  теру  т.б.   ойындары  арқылы  дәлелдей   алды. Осылай, спорттық  ойын  қызықты   өтті. Ұйымдастырушылар  бас  жүлдеге «Бас   жүлде  кубок» табыстады, І,ІІ,ІІІ  орындарға  алтын, күміс, қола  медальдарын   және  мақтау  қағаздарын   табыстады. Ал  қалған  қатысушылар   әртүрлі  номинацияға  ие   болды.

    23   қаңтар  күні  бастауыш   сынып  мұғалімдері «Суреттер  сөйлейді»   еркін  тақырыпта  сурет   салу  сайысын  ұйымдастырды. 

  

   Балалар   «Табиғат», «Туған  жер», «Әсем  қала», «Қыс», «Қазақстан  тәуелсіз   ел»  тақырыбында  сурет   салып, сурет  көрмесін  ұйымдастырдық. Сырлы  бояулы   суреттер  көрменің  сәнін   аша  түсті. Сурет  салып   келген  оқушылардың  еңбектерін   бағалап, мадақтау   қағаздарымен   марапаттадық.

 24   қаңтар  күні  мектебімізде   аудандық  семинар  өтті. Сол   семинарда  4 «Ә» сыныбымен  Жигитова  О.М.   «Катаклизм  кезіндегі  менің   қауіпсіздігім» ,  3 «А» сыныбымен Батқалова  У.С. «Күй   құдіреті», 2 «А» сыныбымен  Әленова  А.О.   «Ғаламшарлар  қандай  болады?»тақырыбында  ашық   сабақтарын  өтті. Мұғалімдер  сабаққа   белсенділікпен  және  шығармашылықтарымен  көзге   түсті. Балалардың  сабаққа  белсенді қатысуы сабақты  қыздыра   түскені  ерекше  бағаланды. 

  

  

    

    25   қаңтар  күні  Нуралдаева   Т.Д.  мен  Кадылова   Б.Д. «Ертегілер  еліне  саяхат» атты   қойылым   сайысын  ұйымдастырды.   Сайысқа  1-4 сынып  оқушылары   қатысты. Балалар  ертегіге  өте   жақсы  дайындықпен  дайындалып   келген. 

   

   Бірінші   сынып  оқушылары  «Үйшік», «Жеті  лақ», екінші   сыныптар  «Шалқан», үшінші  сыныптар «Ұр   тоқпақ», төртінші  сыныптар  «Ақылды   аспазшы», «Жыл  басына  таласқан   жануарлар», «Мақта  қыз»  атты   қойылымдарды  қойды.

  

   

 

   Ертегі   қойылымынан  кейін  әділқазы   алқалары  балалардың  өнерлерін   бағалап, мақтау  қағаздарымен  марапаттады.

26  қаңтар   күні  бастауыш  сынып   мұғалімдері «Таза  дәптер»  көркем әрі   таза  дәптер  жарысын   ұйымдастырды. Бұл  сайысқа  1-4 сынып   оқушылары  қатысты. Сыныптағы  әдемі, көркем   әрі  таза  дәптерді   таңдап, мақтау  қағаздарымен  марапаттадық.

27  қаңтар   күні  Б.М.Тыныс  3 «Ә» сынып   оқушыларымен  жаратылыстану  пәні   бойынша  «Жер  сфералары   дегеніміз  не?» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті.

  

  

    Жас   маман  сабаққа  өзінің   шығармашылығы  мен  білімін   көрсете  білді. Сабақтың  тақырыбы   ашылмады. Ескертулер  ескертілді. Топтық  жұмысқа  балалар   белсенді  қатыса  алды. Сабаққа   арналған  көрнекі  құралдарды   тиімді  пайдаланды. Әлі  де, озық   тәжірбиелі  ұстаздардан  үйренері   көп.

30  қаңтар   күні  Сартай   А.Н.   мен  Тыныс  Б.М.   «Оқуға  құштар» білімге  құштар   балаларға  арнап  сайыс    ұйымдастырды. Бұл  сайысқа  2-4 сынып   оқушылары  қатысты. Әр  сыныпқа   берілген  ертегі  мен   күнделікті  білетін  ертегілерден   сұрақтар  қойылып, ойындар  ойнатылды. Сайыс  мектебіміздің   кітапханасында  өткізілді. 

   

 

   Сайыс   соңында  оқуға  құштар   балаларды  анықтап, мақтау  қағаздарымен   марапатталды.

31  қаңтар   күні  айлықтың  жабылу   кеші  өтті.  Айлықтың   жабылуы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік   Гимнімен  кешті  ашып, мектебіміздің  директоры     И.С.  Абдикашеваға  сөз   кезегін  бердік. Бір  ай   бойы  жасалған  жұмыстарға   тоқталып, балалардың  әрбір  сайыста   белсенділік  танытқанын  айта   кетті. Тек  айлықта  ғана   емес  басқа  уақыттарда   да  осылай  белсенділік   танытуларын  айта  өтті. Кеште   оқушыларымыз  өз  өнерлерін   ортаға  салып  айлықтың   жабылуын  қыздыра  түсті.

  

  

 

  Кешімізде   тек  оқушылар  ғана   емес  жас  мамандарымыз   да  өз  өнерлерін   көрсетті. 09-31 қаңтар   аралығында  өткен  әрбір   ашық  сабақтар  мен   сайыстарымыз  өз  мәрілеріне   жетті. Әр  сайыс  сайын   балаларды  марапаттап, көңілдерін  көтеруге  тырыстық. Ескертілген  ескертулер   мен  мадақталған  сабақтарымызды  өз   отырысымызда  талқылап, жас  мамандарға   жол  көрсетуге  тырыстық. Келесі  айлықта, бұданда  ерекше   етіп  өткізуді  ойластырудамыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: