Алматы қаласы Білім басқармасының
«№163 жалпы білім беретін мектеп"»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағаш отырғызу
10
октябрь
2019
Ағаш отырғызу
"Бір тал кессең,он тал ек" деген халық даналығын бала санасына жеткізу, табиғатқа сүйіспеншіліктерін баулу,туған қала экологиясына үлес қосу мақсатында #163 мектеп-лицейінің ауласында ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға мұғалімдер, мектептің экопатруль белсенділері және ата-аналар қатысты. Табиғатты аялау, жасыл желектерді көркейту игі істері жалғасын таба бермек.
Қарты бар ел - қазыналы ел
10
октябрь
2019
Қарты бар ел - қазыналы ел
"Қарты бар ел-қазыналы ел" атты қарттар айлығының аясында #163 мектеп-лицей оқушылары,мұғалімдері химия оқулығының авторы, "Ы.Алтынсарин" атындағы төсбелгі иегері, зейнеткер ұстаз-Жексембина Гулжаһан апайдың үйіне барып құттықтады.
"Адам және табиғат" атты экологиялық акция
03
октябрь
2019
"Адам және табиғат" атты экологиялық акция
№163 мектеп-лицейінде  «Адам және табиғат"  атты   ауқымды  экологиялық  акциясы аясында проблемалық-танымдық   тәрбие сағаттары, сурет көрмелері, флешмоб, сырттай экскурсиялар  ұйымдастырылды. Іс- шаралар барысында белсенді оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл»  атты дөңгелек үстел
17
сентябрь
2019
«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты дөңгелек үстел
2019  жылдың 18 қыркүйегі күні №163 мектеп-лицейдің  9-сынып оқушыларының  арасында «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.  Дөңгелек үстелге қатысушы  оқушылар туған тілге     деген құрмет пен сүйіспеншіліктің бала кезден басталатындығын жеткізді.  Тілді қастерлеу,   оны заман  ағымына        сай  қолдану аясын кеңейту, мәртебесін асқақтату,  қазақ тілінің әлем   тілдерімен бәсекеге қабілетті болуы  жастардың   қолында  екендігі жайында ойларын ортаға салды.