Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

163 мектеп -лицей тарихынан

Автор: 163-mektep от 30-09-2016, 08:13, посмотрело: 13230

363

163 мектеп -лицей тарихынан01964-1994 жылдар: № 8 ойлау қабілеті төмен балалардың мектеп- интернаты болды.
1994 жылы: Алматы қаласы әкімінің бұйрығымен №163 қазақ орта мектебі болып ашылды.
2000 жылы. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3-қабат оқу кабинеттері болып жабдықталды.
2006 жылы «Білім ұясы» ІІ республикалық конкурсында «Авторлық бағдарламаны және инновациялық педагогикалық технологияны тиімді іске асыру номинациясының жеңімпазы» және дипломанты атанды.
«Алматы таңдаулы мектеп-2006» байқауында «Мектебім -алтын бесігім» номинациясының жүлдегері атанды.
2006 жылы Алматы қаласыының әкімі И.Тасмағамбетовтың ұйымдастыруымен өткізілген «Таңдаулы химия кабинеті» байқауында жеңімпаз болғаны үшін №163 орта мектебі марапатталды.
2007 жылы «Туран» университетінің ұйымдастыруымен өткен қалалық «Мен-Қазақстанның Азаматымын» атты сайыстың бас жүлдегері.
2007-2008 оқу жылында мектебіміз республикалық «Балалық шақ досы» байқауында «Ең үздік орта мектеп» дипломанты атанды.
2007-2008 оқу жылы: № 163 орта мектеп қалалық «Жас құтқарушылар» байқауының І орын дипломанты .
2007-2008 оқу жылы: №163 орта мектеп қалалық Экологиялық білім марафонының ІІІ орын дипломанты .
2009-2010 оқу жылы: Алматы қаласы әкімі А.Есімовтің дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үлкен жетістіктері үшін №163 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Құрмет грамотасымен марапатталды.
2009-2010 оқу жылы: №163 мектеп командасы Алматы білім басқармасының төрайымы Р.Шимашованың Совет халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Сол ұлы жылдарға тағзым етейік!» атты қалалық сайысының ІІІ орын дипломымен марапатталды.
2009-2010 оқу жылы: Алматы қаласы, Білім басқармасының бірінші орынбасары Ж.Сандыбаевтың Құрмет грамотасымен №163 мектеп ұжымы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізгені үшін марапатталды.
2011 жылы Медеу ауданының әкімшілігі және Орталықазия техника-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Медеу ауданының 75 жылдық мерейтойына орай Медеу ауданы әкімінің кубогына арналған Алматы қаласы оқушылары арасында «Информатика» пәнінен өткізілген қалалық олимпиадаға қатысқаны үшін №163 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Алғыс хатпен марапатталды. 2011 жылы Алматы қаласы әкімдігі, Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Білім басқармасы Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» арналған Алматы қаласы ЖББМ дене шынықтыру мұғалімдерінің командалары арасындағы ІІ «Дене шынықтырушы» спартакиадасында тымақ атудан І орын,гір көтеруден І орын, бұқа тартыстан ІІ орын, кермеде тартылудан ІІІ орын, мылтық атудан ІІ орын, арқан тартудан ІІІ орын және жалпы командалық топ ІІ орын иеленді.
Мектеп – лицей ұжымы өзінің дамуының оң құндылықтары мен дәстүрлерін жетілдіре отырып, өзіндік оқу еңбегін ұйымдастыру арқылы білім мен тәрбиені қатар бере отырып, шәкірттерін шыңдай түсуде.
Иманғалиева Айымгүл Даурбековна

Категория: Мектеп-лицей тарихы