)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ең үздік оқырмандарым» Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе , білімнің кітап арқылы берілетіні,біз жақсы білеміз балалар.Кітаптің адам өміріндегі
19
апрель
2022

«Ең үздік оқырмандарым» Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе , білімнің кітап арқылы берілетіні,біз жақсы білеміз балалар.Кітаптің адам өміріндегі

«Ең үздік оқырмандарым»
Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе , білімнің кітап арқылы берілетіні,біз жақсы білеміз балалар.Кітаптің адам өміріндегі маңызы өте зор.Кітапта алма ағашы сияқты.Біздер соның жемісін тереміз.
 Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сіздерге білім көзі,рухани қазына.Кітап білімімізді молайтады ,кітаптан көп үлгі – өнеге мен тәрбие аламыз.Оқыған – тоқығаның көп болса ,жеңбейтін жау алынбайтын қамал жоқ .Дана халқымыз «Батыр бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек. Мектепте оқу керек ,ал мектептен шыққан соң онанда көп оқу керек! Кітаптан не іздесең ,бәрін табасың.Кітаптің білмейтіні бар ма?
   Кітап шебер ұстаз,тілсіз мұғалім.Кітап – жан айнасы ,оған қарап ойыңды да бойыңды да түзетуге болады.Айналадағы адамдарға мейріммен қарауға үйренесің .Кейде жансақ жаңылыс басқан қадамдарың болса ,оны оп оңай аңғарасың.Кітап тар үйіңнен кең  дүниеге алып баратын ұлы арна.Ол тар пейіліңді кеңейтеді,әуел бастағы тар жолдан кең адамдық жолыңа түсіреді.Кітап арқылы үйіңде отырып ,бүкіл дүниені болжап кәресің ,бүкіл дүниемен сөйлесесің.
Қазақ аталарымыз айтпақшы «Ырыс ауысады,білім жұғысады»-дейді.Расында да білім біреуден – біреуге жұғысады.Осыны білетін халық «Білмегенді білгеннен сұрағанның айыбы жоқ,сұрамасаң білмейсің дейді.Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да кітап. 
  Олай болса қымбатты оқырмандар! Бүгінгі ең үздік оқырман өздеріңсіздер.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: