)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📝Жемқорлық – індет Аластау – міндет М.Әлімбаев 📌Мектебімізде қоғамдағы ауқымды мәселе «Жемқорлыққа жол жоқ»-тақырыбында 5-11сынып арасында сурет
14
октябрь
2021

📝Жемқорлық – індет Аластау – міндет М.Әлімбаев 📌Мектебімізде қоғамдағы ауқымды мәселе «Жемқорлыққа жол жоқ»-тақырыбында 5-11сынып арасында сурет

📝Жемқорлық – індет 
  Аластау – міндет 
М.Әлімбаев
📌Мектебімізде қоғамдағы ауқымды мәселе «Жемқорлыққа жол жоқ»-тақырыбында 5-11сынып арасында сурет көрмесі өтті👉(суретті оңға жылжытыңыз)

 📌Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
 📌Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.🔍
 «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.🚫⛓

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: