15
апрель
2025
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жол ережесін әркім білуі тиіс» атты іс-шара өткізілді
15.04.2025ж жолда өзін-өзі қауіпсіз ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы, Медеу ауданы бойынша №163 мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жол ережесін әркім білуі тиіс» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар жолда жүру ережелерімен тереңірек танысып, жолды қай жерден және қандай ретпен өту керектігін, бағдаршамның қызметін, сонымен қатар бағдаршам болмаған жағдайда жол қозғалысын қалай дұрыс ұйымдастыру қажет екенін тәжірибежүзінде меңгерді.