Алматы қаласы Білім басқармасының
«№163 жалпы білім беретін мектеп"»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 262-00-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-00-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 40 Вперед
"Мың алғыс сізге ұстазым"
03
октябрь
2025
"Мың алғыс сізге ұстазым"
Мектебіміздің 11-сынып оқушылары ұстаздарымызға арнап “Ұстазым, сізге мың алғыс” атты керемет мерекелік кеш ұйымдастырды! Жылы лебізге толы кеш ұстаздарымыздың жүрегіне қуаныш пен шабыт сыйлады.
“Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары”
26
сентябрь
2025
“Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары”
26.09.2025ж. күні “Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары” сахналық қойылым байқауының аудандық кезеңінде мектеп-лицейіміз “Тән құмары мен жан құмары” атты көрінісімен жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арыстанбек Күләй
Буллингке жол жоқ!
19
сентябрь
2025
Буллингке жол жоқ!
Буллингке жол жоқ! Әр бала — қамқорлық пен қауіпсіздікті сезінуі керек.  Мектебіміздің оқушылары #буллингтенқорған челлендж флешмобына белсене ат салысты. #БуллингкеЖолЖоқ
17.09.2025ж жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
17
сентябрь
2025
17.09.2025ж жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
17.09.2025ж жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауы; 2. 2024-2025 оқу жылындағы білім сапасы; 3. Мектептегі ішкі тәртіп ережелері және бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі; 4. Балаларды психологиялық қолдаудағы ата-ананың рөлі; 5. Кәсіби бағыт бағдар беру тақырыптары қамтылды.
Ұлы Абайға 180 жыл!
12
сентябрь
2025
Ұлы Абайға 180 жыл!
Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мектеп кітапханасында танымдық көрме өтті. Көрмеде Абайдың шығармалары, қара сөздері, өмір жолы мен еңбектеріне арналған кітаптар мен деректер қойылды.  Мақсат — оқушыларды Абай мұрасымен жақын таныстырып, рухани құндылықтарды насихаттау.  ⠀  🖋️ Абай – қазақ руханиятының шамшырағы!
Жол ережесін сақтау — өміріміздің қауіпсіздігі!
10
сентябрь
2025
Жол ережесін сақтау — өміріміздің қауіпсіздігі!
Жол ережесін сақтау — өміріміздің қауіпсіздігі! ⠀  Бүгін мектебімізде оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  ⠀  Балаларға жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршамның түстері мен жол белгілерінің маңызы түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері айтылды.  ⠀  «Сақ жүрсең – аман жүресің!»
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
09
сентябрь
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп инспекторы Т.К. Тохтаевамен бірге 1-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық, тәртіп сақтау және қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. #құқықбұзушылықтыңалдыналу
Әр сәрсенбі - денсаулық күні!
03
сентябрь
2025
Әр сәрсенбі - денсаулық күні!
“Спорт - денсаулық кепілі” Мектебімізде әр сәрсенбі - Денсаулық күні. Оқушылар үзіліс уақыттарында спорттық ойын ойнап, уақытты тиімді пайдалануға дағдыланған.
1 қыркүйек - Білім күні!
01
сентябрь
2025
1 қыркүйек - Білім күні!
📚 1 Қыркүйек – Білім күні! Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды!  Мектеп ауласы тағы да балалық күлкі мен қуанышқа толы.  Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге – ақ жол, жоғары сынып оқушыларына – сәттілік пен табыс тілейміз! Ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, оқушыларымызға — білімге деген құштарлық, ата-аналарға — шыдам мен қолдау тілейміз!  Білім жолындағы әрбір қадам — жарқын болашаққа бастар жол!
01.08-30.09.2025ж аралығында “Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы өткізіледі.
01
август
2025
01.08-30.09.2025ж аралығында “Мектепке жол” жалпы республикалық
ХАБАРЛАНДЫРУ🔊 01.08-30.09.2025ж аралығында “Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты:  🔹Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету;  🔹Баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу;  🔹Жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету; Барлық сұрақтар бойынша: 262-00-83 Назарбаев даңғылы 289
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 40 Вперед